Қарағандылық өрт сөндірушілер цистерналық газ жарылысының алдын алды

511

Құтқарушылар өрт шыққан жанармай құю стансасынан 66 тұрмыстық газ баллондарын алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандылық өрт сөндірушілер цистерналық газ жарылысының алдын алды Фото: Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қарағанды ​​қаласында бүгін сағат 16:19-да Потанин көшесінде "Хантер АГЗС" ЖШС кәсіпорны аумағында көлемі 6 текше метр металл ыдыстағы газ өртенді.

"Өртке қарсы қызмет келгенге дейін сыйымдылықта газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Одан 40 шаршы метр аумақта жеке құрылымның металл конструкцияларына зақым келді. ТЖД күшімен барлығы 66 тұрмыстық газ баллоны шығарылды (53 дана — 27 л, 13 дана — 50 л). 16-59-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Өртті жоюға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 22 қызметкері және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу