Қарағандылық спортшы әлемдік рекорд орнатты

1592

"Классикалық сығымдап көтеру" тәртібі бойынша 59 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль алған ол, сайыс барысында жаңа әлемдік рекорд орнатты – 175,5 келі.

Қарағандылық спортшы әлемдік рекорд орнатты

Паэуерлифтинг бойынша Токио қаласында мамырдың 18-нен 25-не дейінгі аралықта өткен Халықаралық біріншілікте қарағандылық спортшы алтын медаль алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Классикалық сығымдап көтеру" тәртібі бойынша 59 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль алған ол, сайыс барысында жаңа әлемдік рекорд орнатты – 175,5 келі.

Жапониядағы біріншіліктің соңғы күні Қараман Абдулкәрім 217,5 келі нәтижесімен "жабдықсыз штанганы жатып көтеру" тәртібі бойынша бірініш орынды иеленді. 

"Өткен жылы әлем чемпионатында екінші орын алдым. Осыдан кейін 2019 жылы алтын медаль алып, әлемдік біріншіліктің үш мәрте жеңімпазы атануға мақсат қойдым өзіме. Олимпиадалық емес спорт түрінде бұл еңбек сіңірген спорт шебері атағын алуға құқық береді. Өз арманымды жүзеге асырғаныма өте қуаныштымын",– дейді рекордшы.

Әлем чемпионының басты тәлімгері оның әкесі – Дәрібай Оспанов. Ол 70 жасында халықаралық жарыстарда ардагерлер арасында жүлделі орын алған спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу