Қарағандылық тұрғындарды алдап, 86 млн теңгеден астам қаражат жинап алған

547

Ол елден алған ақшасын букмекерлік кеңсеге тігіп, ұтылып қалды. 

Қарағандылық тұрғындарды  алдап, 86 млн теңгеден астам қаражат жинап алған Фото: freepik

Қарағанды облыстық полиция департаментіне Қарағанды қаласы тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші компьютер құралдары үшін тиімді баға ұсынған тұрғынның ұсынысына қызыққан, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұндай ақпаратты өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат бірнеше жерде жариялаған. Сондықтан, оның ұсынысы жәбірленушіні қызықтырған. Алайда, тендерге қатысу үшін сатып алушы хабарлама берген адамның есеп-шотына ақша аударуы қажет деген талап болған. Осыған байланысты жәбірленуші көрсетілген есеп-шотқа 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған.

Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға қоңырау шалған.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті алаяқтың жеке басын анықтады. Ол, 23 жастағы Қарағанды қаласындағы мекемелердің бірінің заңгері екені белгілі болды. Ол жәбірленушіні алдағаны туралы толық мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жәбірленушіден алған ақшаларды күдікті букмекерлік кеңседе ақша тігуге сатып жіберген", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр. Оңай жолмен келген ақша күдіктіге опа бермеді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу