Қарағандының кәріз жүйесін неміс технологиясымен жаңғыртпақ

742

Қарағандының кәріз жүйесін неміс технологиясымен жаңғыртпақ

HST Systemtechnik GmbН&Co.KG атты германиялық фирма Қарағанды нарығына қызығушылық танытты, деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл компания коммуналдық су шаруашылығы және ағын сулардан тазарту кәсіпорындары саласында түрлі гидротехникалық және ІТ-технологияларды өндіруші болып табылады.
Қарағандыға фирманың құрылтайшысы Вернер Бюкер келді. Бизнесмен "Қарағанды Су" ЖШС ауа жіберу стансасының (кәріздік тазарту құрылымдары) қызметімен танысты. Нәтижесінде компаниялар тазарту жүйелерін модернизациялау бойынша ұсыныстарды жетілдіру бойынша келісті. Жаңа технологиялар бойынша жергілікті кәріздік тазарту құрылымдарын құру мүмкіндігі қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу