Қарағандының жылу құбырындағы ақау жойылып жатыр

185

Әкімдіктің хабарламасы бойынша, бұл ақау жылу сапасына әсер етпейді. 

Қарағандының жылу құбырындағы ақау жойылып жатыр Фото: inbusiness.kz

13 желтоқсанда Қарағандыдағы жылу магистральдарының бірінде ақау пайда болды. Қазір коммуналдық қызметтер ағып кетуді жоюмен айналысып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Жамбыл көшесіндегі жылу трассасының құбырларынан буланған видео пайда болды.

Қарағанды қаласының әкімдігі аталмыш көшедегі үйлердің жылуына әсер етпейтін мардымсыз ақау шыққанын түсіндіріп, тұрғындарды тыныштандыруға асықты.

"Жылу желісінен ауаны шығаруға арналған клапанда шамалы ақау пайда болды. Қазіргі уақытта, бригада жұмыс істеуде. Ақау бір сағат ішінде жойылады. Жылыту сапасына бұл ақау әсер етпейді", — деп мәлімдеді Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу