Қарақұмық алқабы 30 мың гектарға ұлғайтылады

2302

Майлы дақылдардың алқабы 122 мың гектарға артты. 

Қарақұмық алқабы 30 мың гектарға ұлғайтылады

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алқабы –15,2 млн, бидай алқабы  – 11,4 млн гектар. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстары қалай жүріп жатқанын жариялағанда осылай деді. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында  егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Майлы дақылдардың жоспарланған алқабы 3 млн гектарды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 122  мың гектарға көп көрсеткіш. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алқабы 19 мың, азықтық дақылдардың алқабы 309 мың гектарға өсті. Техникалық дақылдардың алқабы 132 мың гектарды құрайды", – деді Айдарбек Сапаров.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, қарақұмық алқабы 30 мың гектарға ұлғайтылады. Осылайша осы дақылға деген қажеттілік толық жабылады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу