Карантин кезінде Алматыда 500-ден аса отбасы ажырасты

977

Үш айда 2 367 алматылық отбасын құрды. 

Карантин кезінде Алматыда 500-ден аса отбасы ажырасты

Бұл туралы қалалық Әділет департаменті хабарлады. 

"Үш айда: наурыз, сәуір, мамыр 2 367 жұп шаңырақ құрып, 536 отбасы ажырасты. Оның 309-ы сот шешімі бойынша. Карантин кезінде ажырасулар саны екі есе қысқарды. Кейде өтініш бергендер процеске келмей қалады. Ал отбасын құру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ", –– деген статистика келтірді Әділет департаменті. 

Еске сала кетсек, 2019 жылы елімізде 139,5 мың жұп отбасын құрып, 60 мың жанұя ажырасқан. Өңірлер бойынша аталған екі көрсеткіш бойынша да Алматы көш бастап тұр. Мегаполисте шаңырақ көтергенде 1,2%-ға артса, жұбын жазғандар саны да 9,1%-ға өскен. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу