Карантин кезінде Алматының жолдары мен тротуарлары күніне екі рет жуылады

1022

Карантин кезінде Алматыдағы коммуналдық қызметтер күні-түні бойы кезекшілік етеді, деп  хабарлады қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев.  

Карантин кезінде Алматының жолдары мен тротуарлары күніне екі рет жуылады

"Саябақтардағы балалар ойнайтын алаңдар, көшедегі қоқыс жәшіктер мен контейнерлер алаңдарын зарарсыздандыруға қатысты жұмыстар ұйымдастырылды. Жолдар, тротуарлар мен жалпы аумағы 29 млн шаршы метр болатын жаяу жүргіншілер жолы жуылып, тазалануда", – деді Диас Ахметқалиев Алматыда өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, көше мен тротуарлар күніне екі рет жуылады.         

Бұл ретте "зарарсыздандырудың құрамы адамдар үшін зиян" еместігі айтылды.

Сонымен қатар ол қала тұрғындары қолданылған медициналық қалдықтарды алдағы уақытта утилизация жасау үшін бөлек пакетке салуы керектігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу