Карантин кезінде халық коммуналдық қызметтерден 1 млрд теңге үнемдеді

911

Тұрғындардың коммуналдық қарызы азайып келе жатыр.

Карантин кезінде халық коммуналдық қызметтерден 1 млрд теңге үнемдеді

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев төтенше жағдай уақыты мен карантин кезінде тұтынушылар коммуналдық қызметтерден қанша ақша үнемдегенін айтты.

"Төтенше жағдай уақыты мен карантин кезінде халыққа қолдау көрсетілді. Тарифтер жалпы алғанда 7,4%-ға төмендетілді. Тұрғындар бір айда 1 млрд теңгедей үнемдеді. Қанша адамның төлемі кейінге шегерілгенін айту қиын. Өйткені тұтынушылар төлемдерін кейінге қалдыруға өтініш беруі міндетті болған жоқ. Дегенмен табиғи монополия субъектілеріне карантиннен бұрын тұрғындардың қарызы болса да, коммуналдық қызметті ажыратпауға кеңес берілген еді", – деді комитет төрағасы.

Асан Дарбаев тұрғындардың коммуналдық қызметтерге қарызы азайып келе жатқанын мәлім етті. Оның сөзінше, былтыр халықтың қарыз 27 млрд теңге болса, биыл 21 млрд теңгеге дейін төмендеген. Алайда заңды тұлғалардың берешегі өсіп, 44 млрд теңгеге жеткен. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу