Карантин кезінде зейнетақыны үйге алдыру үшін кімге хабарласу керек?

1327

Курьер арқылы әкімдікке хат жолдай аласыз.

Карантин кезінде зейнетақыны үйге алдыру үшін кімге хабарласу керек? Фото: Максим Морозов

Карантин кезінде пошташылар мен курьерлердің қызметіне сұраныс артатын түрі бар. "Қазпошта" акционерлік қоғамы осы сұранысты қанағаттандыру үшін мобильді қосымшасын жетілдіріп, сайтына түрлі онлайн қызметтердің үлгісін жүктеп жатыр. Ұлттық пошта операторының басшысы Сәкен Сәрсенов тікелей эфир арқылы сол қызметтердің негізгі дегендеріне тоқталды

"Біздің сайт (http://post.kz/ ред) пен мобильді қосымшамыз арқылы сәлемдемелерді үйге жеткізуге, курьерді шақырып, жөнелтімді алып кетуге тапсырыс беруге болады. Сонымен  қатар коммуналдық немесе басқа да төлемдерді төлеуге, мемлекеттік органдармен хат алмасуға мүмкіндік бар. Елдегі жағдайға қарамастан, барлық пошташылар мен круьерлер поштаны, хаттар мен газеттерді штаттық режимде жеткізуде. Біздің  қызмектерлер күн сайын маршруттарына шығып, сіздерге қызмет көрсетеді. Сондықтан олардың еңбектеріне құрметпен қарауды, олармен  қауіпсіз қарым-қатынас ережелерін сақтауларыңызды сұраймын", – деген акционерлік қоғамның басқарма төрағасы зейнетақыны үйге алдыру үшін қайда хабарласу керектігін түсіндірді.  

"Біздің сайтта төлем карталары мен зейнетақыны үйге жіберу бойынша өтініштер  рәсімдейтін жедел байланыс нөмірлері жарияланған", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу