Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Қасым-Жомарт Тоқаев

638

Полиция мен санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек. 

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін үкіметтен және өңірлерден 150 млрд теңге бөлінетіні жарияланды. 

"Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, елімізде қоғамдық тәртіп ақсап тұр. Салдарынан коронавирусқа қарсы күресте түрлі қиындықтар туып жатыр. 

"Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Ал біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр. Полиция мен санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.  Бұл халықтың денсаулығы мен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса қажет. Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады. Себебі олар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіреді. Салғырттыққа, бейқамдыққа жол бермеу керек", – деді Президент. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу