Карантин талабын бұзған білім министріне айыппұл салынбақ

761

Бұл жайттан еліміздің бас санитар дәрігері де хабардар. 

Карантин талабын бұзған білім министріне айыппұл салынбақ

Карантин талабын бұзған Білім министрі айыппұл арқалауы мүмкін. Желіде Асхат Аймағамбетовтың 200 баламен бірге түскен фото суреті тарады. Арасында белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев та бар, деп хабарлайды Аtameken Business. Жиналғандар арақашықтық сақтамақ түгіл, бетперде де тақпаған. Тауарлар сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл Бурабайдағы жаңа мектептің ашылуы кезінде болғанын мәлімдеді.

Алайда ауқымды іс-шара алдын-ала келісімсіз ұйымдастырылған. Қазір IQanat мектебінде жоспардан тыс тексеру басталған. Карантин талабын бұзғаны үшін білім ошағына әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, жиынға қатысқан барлық азамат жауапкершілікке тартылмақ. Бұл жайттан еліміздің бас санитар дәрігері де хабардар. Айжан Есмағамбетова заң барлығына бірдей екенін кесіп айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу