Карантин талаптарын сақтамаған 98 нысан жабылды

537

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері тазалық талаптарын сақтауға шақырды. 

Карантин талаптарын сақтамаған 98 нысан жабылды

Жандарбек Бекшин Алматыда көптеген кәсіпорындар дезинфекция және бетперде тағу сынды талаптарды сақтамайтынын мәлімдеді.  

"Сауда нысандарында адамдар көптеп жиналған. Кейбір кәсіпкерлер тұтынушыларға жеке қорғаныс құралысыз қызмет көрсеткен. Келушілердің де бетперделері болмаған. Әлеуметтік қашықтық та сақталмаған. Нысандарға кірер тұста бетпердесіз кірмеу туралы ескертпелер мен дезинфекциялық сұйықтықтар болмады. Сондықтан 98 нысан уақытша қызметін тоқтатты", – деген Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. 

"ТЖ аяқталғаннан кейін де тұрғындар карантиндік шараларды сақтаған жөн. Сақтық шаралары  ҚХР-да вирустың алдын алуға әсерін тигізді. Біздің елімізде де осы талаптар әлі де сақталады. Қазіргі таңда ең көп науқастар 30 мамырда тіркелді. Бұл 4,6% өсім. Соңғы рет тіркелген ең үлкен өсім 3%-ды құрады. Осыған байланысты тұрғындар тәртіп сақтаған жағдайда ғана тұрақты эпидемиологиялық жағдайға қол жеткіземіз. Кәсіпорын, ұйым басшылары эпидемиологиялық жағдайға қарсы талаптарды қатаң сақтау үшін барлық жағдайды жасауы керек", – деген Жандарбек Бекшин мегаполисте науқастар саны белгіленген межеден асса талаптар күшейтілетінін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу