Карантин уақытында көлік тұрақтары тегін болады

797

Заң бұзушылықтарды Алматы жол полициясы қадағалайды.  

 Карантин уақытында көлік тұрақтары тегін болады

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты A-Parking-ке қарасты барлық тұрақтар 21 наурыз бен 15 сәуір аралығында тегін болады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Көлікті тұраққа қою ережелерін сақтауды сұраймыз. Атап айтсақ, жол белгілерін сақтап, авто көлік арасындағы қашықтықты сақтау, тек тұрақтарды пайдалануды, жедел көмек қызметінің жолын бөгемеу, екінші қатарға көлік қоюға тыйым салынған жерлерге автоны қалдырмау. Қалалық тұрақтардағы ережелердің сақталуын Жол полициясы басқармасы қадағалайды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу