Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды

583

Көбіне заң талаптарын бұзғандар Ресейден (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110), Ираннан (33) тіркелген. 

Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды

Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында карантинге жатқызылған өнімді ел аумағына әкелу кезінде 600-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, көп жағдайда тауарларды импорттайтын кәсіпкерлердің фитосанитариялық сертификаттары жоқ, таңбалау болмаған және маршрут бойынша жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген.

Сонымен қатар, 60 жағдайда импорттаушылар карантинге жатқызылған өнімді тауарды алған жерінде екінші рет қарау үшін ұсынудан бас тартты, 13 жағдайда инспекторлар тауарлардан қауіпті карантиндік ағзаларды тапты.

Көбіне заң талаптарын бұзғандар Ресейден (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110), Ираннан (33) тіркелген.

Анықталған жағдайларға байланысты АШМ мемлекеттік инспекторлары тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданды. 332 мәрте жалпы көлемі 10,2 мың тонна карантинге жатқызылған өнім кері қайтарылды, залалданған өнімнің бір партиясы толық жойылды. Жалпы 22,1 млн.теңге сомасында айыппұл салынып, 384 әкімшілік жаза қолданылды.

Қазақстан аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде анықталған жағдайлар бойынша экспорттаушы елдерге 105 нотификация жіберілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу