Қараша айында жылдық инфляция төмендеді – Ұлттық банк

307

Инфляция құрылымында азық-түлік тауарлары негізгі үлесті алып отыр.

Қараша айында жылдық инфляция төмендеді – Ұлттық банк Фото: canva.com

Қараша айында жылдық инфляция төмендеп 12,4% деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Инфляция құрылымында азық-түлік тауарлары негізгі үлесті алып отыр. Олардың жылдық өсімі 13,4% болды. Бұл жекелеген азық-түлік түрлерінің әлемдік бағасының жоғары болуы және ішкі өндірістегі шығындардың ұлғаюымен байланысты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы қарашада 11,2%, ақылы қызметтер инфляциясы – 12,3% 1 деңгейінде қалыптасты", – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазан-қарашада айларында жылдық инфляцияның баяулауына Үкіметтің әкімшілік шаралары аясында тұрғын үй коммуналдық қызмет тарифтерінің төмендеуі әсер етті. Сонымен қатар, тарифтерді көтеру мен жанар-жағар май нарығын ырықтандыру инфляция мен инфляциялық күтулерге жанама ықпалын тигізіп отыр. 

"Жоғары баға қысымының сақталуы тұрақты ішкі сұраныс, фискалдық ынталандыру және жоғары инфляциялық күтулерге байланысты. Қарашада айлық инфляция 0,8% болды бұл тарихи орташа мәндерден төмен. 2025 жылғы 10 қазанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18%-ке дейін көтерді. Бұл шешім макроэкономикалық теңгерімді қалпына келтіруге және инфляцияның бақылаудан шығуына жол бермеуге бағытталды. 28 қарашада мөлшерлеме осы деңгейде сақталды", – деді ҰБ төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу