Қараша айында банктердің несие беру көрсеткіші 1,4%-ға өскен

920

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабаралады.  Осылайша өткен айда қаржы ұйымдары 14,637 трлн теңге қарыз берген. 

Қараша айында банктердің несие беру көрсеткіші 1,4%-ға өскен

Заңды тұлғаларға несие беру көрсеткіші 0,1%-ға өсіп, 7,288 трлн теңгеге жетті. Ал жеке тұлғаларға қазан айынан 2,8%-ға көп жалпы сомасы 7,359 трлн теңге қарыз берілген. 

Қарашада ұлттық валютадағы несиелер көлемі 2,2%-өсіп, 2,578 трлн теңге болды. Заңды тұлғаларға 0,9%, жеке тұлғаларға 3,2%-ға көбірек несие берілген. 
Шетел валютасындағы қарыз көлемі керісінше 3,1%-ға қысқарып, 2,069 трлн теңгені құрады. 

Бұған қоса 2020 жылдың қарашасында ұзақ мерзімді қарыздар көлемі 0,9%-ға артып, 12,545 трлн теңге, қысқа мерзімді несиелер көлемі 4,9%-ға өсіп, 2,102 трлн теңгеге жетті.

Сонымен қатар реттеушінің дерегінше, қарашада шағын бизнеске несие беру көрсеткіші 0,3%-ға жоғарылаған (2,305 трлн теңге).  

Салалар бойынша қарыздың көбі өндіріс секторына берілген. Одан кейінгі орында сауда және құрылыс саласы. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу