Қараша айында кімдердің жалақысы өсті?

938

Қараша айында жұмыс берушілер ұсынған орташа жалақы 299 816 теңгені құрады, деп хабарлайды HeadHunter Kazakhstan.    

Қараша айында кімдердің жалақысы өсті? Фото: liter.kz

Бұл көрсеткіш бір айда 6,6%-ға өсті.

Төленген орташа жалақы 215 493 теңгені құрайды. Бұл өткен айдан 3,5% жоғары. 

Қараша айында ақпараттық технологиялар, шикізат өндіру, сатып алу және сақтандыру саласында жалақы төмендеді. Ең көп жалақының өсуі үй қызметкерлер арасында байқалады – бірден 24%-ға.  

Қауіпсіздік, ғылым және білім саласы (19%), спорт клубтары мен сұлулық салондары (17%) қызметкерлерінің жалақысы да айтарлықтай артты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу