Қарашада жанармай бағасы өзгереді

699

Қарашада жанармай бағасы өзгереді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қараша айының екінші жартысында АИ-92 бензинінің арзандайтынын айтты, деп хабарлайды naryk.kz.

Министрдің айтуынша, ол үшін үкімет отандық мұнай өңдеу зауыттарымен және жанармай бекеттері желісімен "жақсылап" жұмыс істеуі керек.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда "тоқсан екінші" бензиннің бағасы 157-162 теңге аралығында. Бағаның әрқилылығы кей бекетте қазақстандық бензиннің жоқтығымен байланысты. Ресей импорты басым жерде баға қымбат. Мәселен, импорт бар жерде баға 160-162 теңге аралығында болса, отандық жанармай сатушылардың қойған бағасы 156-157 теңге.

Қазан айында Ресейден сатып алатын бензиннің көлемі ішкі нарықтың 40 пайызына жетті. Ресейдегі бензин теңгемен шаққанда 220 теңге. Салықты алып тастасаңыз шамамен 200 теңге болады. Сол себепті импорт бағаны қымбаттатып отыр.

Бас энергетиктің айтуынша, 26 қазанда Павлодар МӨЗ іске қосылып, қазақстандық үлес арта түспек. Зауыт екі күн ішінде толық қуатымен жұмыс істейді.

"Қарашада орыс импортын қазіргі 40 пайыздан 30 пайызға түсіруді жоспарлап отырмыз. Сол себепті жанармай бағасы өзгереді. Ал желтоқсан айында аталған көрсеткіш 20 пайызға дейін төмендемек. Ол үшін біз мұнайшылармен жұмыс істеп, олардың мұнай өңдеу зауыттарына қымбатқа сатуының алдын алуымыз керек", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу