Қарашада жылдық инфляция 8,7%-ды құрады

725

Бір айда азық-түлік бағасы 0,9%-ға өсті.

Қарашада жылдық инфляция 8,7%-ды құрады

Қараша айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 8,7%-ды, қарашада 0,7%-ды құрады, деп жазды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

2021 жылдың қараша-қазан айларында азық-түлік тауарларының бағасы – 0,9%-ға, азық-түлік емес тауарларының – 1%-ға, ақылы қызметтердің құны – 0,3%-ға өсті. Жаңа піскен көкөністер – 8,3%-ға, жұмыртқа – 2,1%-ға, ұн – 1,5%-ға, шошқа еті – 1,1%-ға, пастерленген сүт, жарма, макарон өнімдері – 1%-ға, нан және ұн өнімдері – 0,9%-ға  қымбаттады. Темекі өнімдері 1%-ға, алкогольдік сусындар бағасы 0,5%-ға өсті. Картоп – 1,4%-ға, жаңа піскен жемістер – 0,6%-ға арзандады.

Дизель отынының бағасы 14,6%-ға, баллондағы сұйытылған газ – 13,6%-ға, көмір – 3,7%-ға, жанармай – 2,4%-ға өсті. Бағаның өсуі тоқыма бұйымдарына 0,9%-ды, фармацевтикалық өнімдерге – 0,7%-ды құрады.

Тұрғын үйді жалға алу 1,4%-ға өсті. Мәдени іс-шаралар саласындағы қызмет көрсету бағасы 0,7%-ға, денсаулық сақтау саласы – 0,4%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ыстық суға – 3,5%-ға, қоқыс шығаруға – 1,3%-ға, электр қуатына – 0,5%-ға, орталықтандырылған жылытуға – 1,3%-ға тарифтер төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу