Қарашығанақта өндіріс көлемі уақытша қысқарды

348

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытындағы дрон соққысынан кейін өндіріс көлемін төмендетті.  

Қарашығанақта өндіріс көлемі уақытша қысқарды Фото: ru.pinterest.com

Оператор таратқан мәліметке сүйенсек, Орынбордағы зауыттағы "оқиғадан" соң кен орнынан шығатын газды өңдеу шектеліп, өндіріс уақытша қысқарған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қысқарту мөлшері шамамен 25-30 пайыз аралығын құрайды. Еліміздің энергетика министрлігі де Қарашығанақ өндірісті азайтқанын растады, ал толық көлем зауыт жұмысы қалыпқа келген соң қайта қалпына келмек. Қарашығанақта тәулігіне 196 500 баррель шикізат өндіріледі.

Дереккөздерге қарағанда, дрон соққысы әлемдегі ірі нысандардың бірі саналатын Орынбор газ өңдеу зауытына жасалды. Украина соңғы айларда Ресейдің энергия нысандарына соққыларды жиілеткенін, Орынбордағы газ зауыты мен Самарадағы мұнай өңдеу орындарына да дрон жіберілгенін мәлімдеді.

Өндіріс көлемі дүйсенбіде тәулігіне 25-28 мың тонна шамасында тіркеліп, әдеттегі 35-35,5 мың тонна деңгейінен төмен болды.

Айта кетейік, Қарашығанақты басқарушы консорциум құрамында Chevron (18%), Shell мен Eni (әрқайсысы 29,25%), Ресейдің "Лукойл" (13,5%) және "ҚазМұнайГаз" (10%) үлеске ие. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу