Қарашығанақта СИБУР-мен бірлескен жобалар іске асырылмақ

859

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "СИБУР Холдинг" ЖАҚ басқарма төрағасы Дмитрий Коновпен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды – полипропилен және полиэтилен өндірісін бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Қарашығанақта СИБУР-мен бірлескен жобалар іске асырылмақ

Атап айтқанда, Атырау қаласындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің базасында 2022 жылдың басында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу жоспарлануда. Алдағы уақытта қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының бірлескен жобасы іске асырылатын болады. Аталған жобалар бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімге KAZENERGY XIV Еуразиялық  форумы шеңберінде СИБУР, "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасында қол қойылды.

А. Мамин мен Д. Конов Қарашығанақ кен орнында бірлескен мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру, СИБУР кәсіпорындарында қазақстандық мамандарды даярлау перспективасын және өзара іс-қимылдың басқа да мәселелерін талқылады.

СИБУР – штатында 18 мыңнан астам адам жұмыс істейтін, Шығыс Еуропадағы ең ірі мұнай-газ химиясы холдингі. Жылына 2,5 млн тонна базалық полимер шығаратын ЗапСибНефтехим мұнай-химия кешені құрылысының жобасын жүзеге асырды. Sinopec-пен бірге қуаты жылына 2,7 млн тонна полиэтилен мен полипропиленді құрайтын Амур газ химиясы кешенінің құрылысын жүргізуде.

Кездесуге энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және т.б. қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу