Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты: ҚМГ мен CITIC Construction өзара ынтымақтастықты нығайтты

150

Құжат Қарашығанақ ГӨЗ жобасын іске асыру негіздерін, оның ішінде құнын бағалау, жабдықтар жиынтығын және ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.  

Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты: ҚМГ мен CITIC Construction өзара ынтымақтастықты нығайтты Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және Қытайдың "CITIC Construction Co., Ltd" компаниясы арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастықтың базалық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар тараптар жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге көшу, тиімді техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеу үшін ары қарай бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.

Айта кетейік, энергетика министрі биыл күзде Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салуға кемінде 2,5 млрд доллар керектігін екенін айтқан еді.

Сала басшысы зауытқа неліктен сонша сома жұмсалатынын да түсіндіріп өтті.

– Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу мәселесінде ілеспе газды өңдеу сөз болып отыр. Құрылыс құны 2,5 млрд доллардан басталады. Неге? Өйткені ол газдың құрамында күкірт пен өзге де қоспалар өте көп. Оны өңдемей тұрып, өндіріске дайындау керек. Бұл өзі өте "майлы" газ. С1, С2, С3, С4 фракцияларына үлкен өндіріс кешені керек. Ал ол көп ақшаны қажет етеді. Сондықтан жерден тегін шығып жатқан газды өңдей алмай отырмыз дейтін уәждер қате пайым деп айта алам, – деді Ерлан Ақкенженов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу