Қарашығанақтағы жаңа газ зауытының құны мен мердігерлері белгілі болды

142

Қазақстанда Қарашығанақ кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салуға дайындық жүріп жатыр.    

Қарашығанақтағы жаңа газ зауытының құны мен мердігерлері белгілі болды Фото: kmg.kz

QazaqGaz ұлттық компаниясы мен KPO (Karachaganak Petroleum Operating) операторы Жол картасы мен негізгі шарттың талаптарын келісуге кірісті. Бұл ретте болашақ кәсіпорын үшін шикі газды жеткізу  туралы құжатқа қол қойылған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Нефть и газ Казахстана" телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ауқымды жобаны іске асыру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" жаңа өндіріс үшін барлық техникалық және жобалық құжаттаманы, әзірлемелерді және жер телімін QazaqGaz-ға толығымен тапсырды.

Жобаны кім салады және ол қанша тұрады:

Жобалық кезеңдерді (FEED және "Жоба") техникалық сүйемелдеу және пысықтау үшін QazaqGaz еншілес құрылымы – QazaqGaz Processing (QGP) ЖШС қайта ұйымдастырылды.

Компанияда басшылық құрамы жасақталып, салалық мамандарды жұмысқа қабылдау жалғасып жатыр.

Процесті жеделдету үшін QazaqGaz жобалау кезеңіне (FEED) және EPC-келісімшартын жасасу процедурасына өтуге бастамашы болды.

  • Мердігерлер: ҚР Үкіметінің қаулысымен оңтүстік кореялық Hyundai Engineering Co. LTD және италиялық Sicim S.p.A. кірген халықаралық консорциум бас мердігер (EPC) болып белгіленді.
  • Құны: EPC-келісімшартының жалпы сомасы шамамен 6 миллиард долларға бағаланып отыр. Оның 3,5 миллиард долларға жуығы жұмыстардың базалық көлеміне, ал тағы 2,5 миллиард доллары қуаттылығы жылына 5 миллиард текше метр газды құрайтын толық циклді өңдеу зауытын іске асыруға жұмсалады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу