Қаратон Подсолевой учаскесінен сынама жұмыстары кезінде газ алынды

118

Ұңғыманы сынау жұмыстарының алғашқы нәтижесі шықты.

Қаратон Подсолевой учаскесінен сынама жұмыстары кезінде газ алынды Фото: kmg.kz

Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде терең іздеу ұңғыманың бірінші нысанын сынақтан өткізу кезінде газ ағыны алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдағы уақытта жұмыс жоспарына сәйкес тағы да 4 перспективті мұнайлы-газды нысанда сынақ жүргізу іс-шаралары көзделген.

Ұңғыманы бұрғылау 2024 жылдың қарашасында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында 5 750 метр тереңдікте аяқталды.

Ұңғыманы сынау технологиялық тұрғыдан қиындықтармен қатар жүріп жатыр. Себебі, тым жоғары қабат қысымы мен күкіртті сутек бар.

Айта кетейік, "Қаратон Подсолевой жобасы ҚР Үкіметі жер қойнауын пайдалану саласында жүргізген басты реформалардың бірі – жақсартылған модельдік келісімшарт аясында іске асырылуда. Ол Қазақстанның күрделі кен орындарының инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырды.

Бұл механизм жер қойнауының күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші әрі фискалды преференцияларды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу