Қаратұрын кен орнындағы залал 350 млн теңге айыппұлды құрады

606

Маңғыстау облысында Қаратұрын кен орнындағы ұңғыманың жану фактісі бойынша "Бозашы мұнай" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Оның нәтижесімен алдын ала есептеулер бойынша салынған айыппұл көлемі 350 млн теңгеден асады. 

Қаратұрын кен орнындағы залал 350 млн теңге айыппұлды құрады Фото: Экология департаменті

2023 жылғы 9 маусымда №303 ұңғымада бұрғылау құбырын көтеру кезінде ұзақтығы 200 тәулік болатын табиғи газдың өрті орын алды.  

Экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаны ластаушы заттардың бар-жоғына бірнеше рет өлшеулер жасады және олардың нәтижелері ауада метанның шамадан тыс мөлшерін көрсетті.

25 желтоқсан 2023 жылы ұңғымадағы өрт сөндірілді. 

“Ағымдағы жылдың қаңтар айында экология департаменті жоспардан тыс тексеру ашты, ол экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын анықтады. Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының метан бойынша 480 есе, мұнай өнімдері бойынша топырақта 168,13 мг/кг артқаны анықталды”,- дейді облыстық экология департаменті.

Берілген рұқсатқа сәйкес ұңғыманы бұрғылау 2024 жылы басталуы керек еді, бірақ 2023 жылдың мамырында басталды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін сақтау бойынша ремедиация бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы нұсқама берілді. 

4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу