Қараусыз қалған коммуналдық желілер монополистерге беріледі

Биыл шамамен 6 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. 

Қараусыз қалған коммуналдық желілер монополистерге беріледі Фото: Liter.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл шамамен 6 мың шақырым    инженерлік желілер жөнделеді.  Бұл – бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін, әбден тозығы жеткен инфрақұрылым объектілері. 25 мың шақырымнан астам қараусыз жатқан коммуналдық желілер монополистерге беріледі. Олар осы желілерді    ретке келтіруі керек. Аталған өзгерістердің бәрін азаматтар сезінуі тиіс", – деген Премьер-Министр осыған байланысты 5 мәселеге назар аударды.

Біріншіден, Қаржы министрлігі  Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, коммуналдық кәсіпорындар мен станциялардың  инвестициялық бағдарламаларды тиісті түрде орындауын    бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Екіншіден, Экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері  тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермей, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды    қамтамасыз етуі тиіс.

Үшіншіден, Экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп,    қыркүйектің соңына дейін барлық коммуналдық инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек.

Төртіншіден, Экономика, Индустрия және Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп,    қараусыз жатқан коммуналдық желілерді монополистердің меншігіне беру жөніндегі Жол картасын әзірлеуі қажет.

Бесіншіден, әкімдіктер коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп, 1-ші қазанға дейін келесі жылға арналған жөндеу жұмыстарына  қажетті іс-шаралар тізімін айқындауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу