Бұл электр энергиясын едәуір үнемдеп, ұңғымаға түсетін жүктемені азайтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселен, дәстүрлі тербелмелі қондырғылар қуаты 22 кВт электр қозғалтқыш арқылы жұмыс істесе, жаңа қондырғы үшін қуаты 7,5 кВт қозғалтқыш жеткілікті.
Сонымен қатар ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу кезінде кедергі келтірмеу үшін қондырғыны ұңғыманың сағасынан 3 метрге дейін жылжытуға болады. Автоматтандырылған жүйе арқылы қашықтан басқару, диагностика жүргізу және ақаулардың алдын алу мүмкіндігі қарастырылған.
Технологиялық жабдық төмен және жоғары бағытқа тең дәрежеде қозғалу тәртібімен жұмыс істейді.
Айта кетсек, "Қаражанбас" кен орны мұнайының тұтқырлығы жоғары әрі шайырлы, құрамында күкіртті қосылыстардың көп болуымен ерекшеленеді.