Қаражаттың жетпеуінен фармацевтикалық зауыт ашылмай тұр

1003

Жоба 2016 жылы басталған. 

Қаражаттың жетпеуінен фармацевтикалық зауыт ашылмай тұр

Атырау облысында фармацевтикалық жобаны бастау үшін 3 млрд теңге жетпей тұр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мәлім етті.

Басқарманың айтуынша, 2016 жылы зауыт блоктарының қаңқасы тұрғызыла бастаған. Сондай-ақ құрылысшыларға арналған уақытша кеңсе, тамақтану және демалыс орындары да салынған.

Алайда 2018 жылдың шілде айында қаражат тапшылығына байланысты дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыттың құрылысы тоқтап қалады.   Жобаны қайта жандандыру  үшін 7,4 млрд теңге қажет.

"Жоба жүзеге асырыла бастағалы шамамен 4,4 млрд теңге игерілді. Қазір компания инвестор іздеп жатыр. Талап етілетін қаражат – 3 млрд теңге", – дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында.

Жеке инвесторлар қаржыландыратын фармацевтикалық зауыттың қуаты 1,2 млрд дана таблетка, 300 млн дана капсула, 54 млн дана ампуланы шығаратыны хабарланған. Бұдан бөлек, 12 млн қорап жақпа май, тамырға егуге арналған пластикалық ыдысқа құйылған 100 мл сұйықтықтардың 16 млн бөтелкесін де шығару жоспарда бар.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу