Карбон егіншілігі – жаһандық жылынуға қарсы тұрудың жаңа бағыты

617

Сарапшылардың айтуынша, ауыл шаруашылығында пайдаланылмаған жерлерді игеру арқылы экологиялық апаттардың алдын-алып, қаржылық тұрғыдан пайдаға кенелуге болады. 

Карбон егіншілігі – жаһандық жылынуға қарсы тұрудың жаңа бағыты

Оксфорд университетінің экологиялық өзгерістер институтының директоры және халықаралық қолданбалы жүйелерді талдау институтының (IIASA) бас ғылыми қызметкері Майкл Оберштайнер қазіргі кезең карбон шаруашылығының жаңа индустриясын дамыту үшін қолайлы деп есептейді. Ол бұл туралы Астанада өткен "Еуразиядағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес: көміртегі биржалары және көміртегі шаруашылығының болашағы" атты халықаралық конференцияда айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз климаттың шынымен де үлкен мәселеге айналғанын көріп отырмыз. Бүгінде климаттың өзгеруінен болатын зиян әлдеқайда жоғары екенін түсінеміз. 2050 жылы әлемде СО2 шығарындылары болмауы тиіс. Оған қол жеткізу үшін әлемге қажетті барлық энергияны және ауылшаруашылық өнімін жеткізу ұсынылады. Әрине көп адам бұл туралы білмейді. Олар көміртегі шығарындыларын нөлге жеткізу арқылы бұл мәселе шешіледі деп ойлайды. Бірақ олай емес", – деді Майкл Оберштайнер.

Майкл Оберштайнер конференцияда көміртекті азайту бағытында жұмыс істейтін түрлі технологияларды таныстырды.

Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаевтың айтуынша, карбон егіншілігі экспорттық сала әрі бұл салада цифрландыруды қолға алу арқылы бірқатар нәтижеге жетуге тиімді.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева "төмен көміртекті дамуға көшу бірқатар шығынды талап етеді" деп есептейді.

"Бүгінгі таңда барлық парниктік газдар шығарындыларының 12,4 пайызын елдің ауыл шаруашылығы құрайды. Қазіргі таңда негізінен парниктік газдар шығарындыларын азайту бағытында жұмыс істеудеміз", – деді ведомство өкілі.

Жалпы карбон егіншілігі дегеніміз – бұл топырақтағы, өсімдіктердегі атмосфералық көміртекті бөлуге бағытталған ауыл шаруашылығы тәжірибесіндегі жиынтық атау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу