Қарбыз жеуге әлі ертерек – Ауыл шаруашылығы вице-министрі

432

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері шілде айының соңына дейін қарбыз жеуден уақытша бас тартуға кеңес береді.  

Қарбыз жеуге әлі ертерек – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Фото: eldala.kz

Себебі, ерте пісетін қарбыздар көбіне жабдықтар астында өсіріледі немесе түрлі қоспалар қолданылады. Сондықтан оларды балаларға бермеген жөн, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Импортталған қарбыз бен қауын фитосанитариялық тексеруден өтсе де, ерте пісетін жемістерде химиялық заттар мен өсу стимуляторларының деңгейі жоғары болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, шілде айының соңына қарай бақша дақылдары тыңайтқыштар қолданбай, табиғи жолмен піседі. Қауын мен қарбызды шілденің соңы мен қыркүйек айының аралығында, яғни табиғи түрде пісетін кезде сатып алу ең қауіпсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу