Кәрім Бензема "Алтын доп-2022" сыйлығының иегері атанды

717

Франция ұлттық құрама командасының шабуылшысы Кәрім Бензема "Алтын доп" иегері атанды. Ол спорттық карьерасында бұл сыйлықты алғаш рет алды.

Кәрім Бензема "Алтын доп-2022" сыйлығының иегері атанды Фото: AFP

Былтыр Мадридтің "Реал" клубының капитаны Ла Лигада (Испания чемпионаты, – ред.) өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді.

Сонымен бірге ол Чемпиондар лигасында алаңға 12 рет шығып, қарсыластар қақпасына 15 доп соқты.

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде "Алтын допты" Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан-Пьер Папен (1991) мен Зинеддин Зидан (1998) алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу