Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін

1527

Оған "мемлекетке опасыздық жасады" және "билікті күшпен басып алмақ болды" деп айып тағылып отыр.

Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың кінәсі сотта дәлелденсе, 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"ҰҚК-нің бұрынғы басшысы, оның үш орынбасары және тағы екі басшының үстінен мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алмақ болу, аса ірі көлемде пара алу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынды. Менің ойымша, сот органдары оның әрекетіне баға береді. Қылмыстық кодексте бұл қылмыстар бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу әлі жүргізіліп жатыр", – деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу