Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына барды

1021

 Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына барды

Ақтөбе облысына ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл сапар еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Кәрім Мәсімов ҰҚК департаментінің мұражайы мен департаменттің бұрынғы басшылары Балғабай Байжігітов және Юрий Брязгаловқа арналған ескерткіш тақталармен танысты.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов пен Бердібек Сапарбаев қауіпсіздік департаментінің жаңа әкімшілік корпусы құрылысының іргетасын қалауға қатысты.

Ақтөбе облысының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұжымымен кездесу кезінде ҰҚК төрағасы және облыс әкімі қызметкерлерді ел игілігі үшін атқарған адал еңбектері мен міндеттерін жауапты орындағандары үшін алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу