Кәрім Мәсімовтен тәркіленген самурай қылышы аукционда 3-ші рет сатылды

Қымбат жәдігер осыған дейін тергеу барысында тәркіленген және қайтарылған активтерді басқару органдарына берілген еді. 

Кәрім Мәсімовтен тәркіленген самурай қылышы аукционда 3-ші рет сатылды Фото: kuva.kz

Самурай қылыш 29 сәуірде электронды саудаға кезекті рет шығарылып, осы жолы ғана саудаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәрім Мәсімовке тиесілі делінетін зат аукционда 1,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.

– Қаптағы самурай қылышы: жүзі болаттан жасалған, жүзінің ұзындығымен бірдей терең емес ерекше ойық бар. Қабы қара түсті материалдан жасалған, сабы сұр түсті металдан жасалып, бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген, – деп жазылған лот сипаттамасында.

Бағалаушылар қылыш жақсы сақталғанын айтады, ал жүзінде 47911 деген нөмірлер бар. Бұл бағалау 2024 жылдың желтоқсан айында жасалған.

Құжатта сонымен қатар қылыштың нарықтық құны 542 719 теңге екені көрсетілген. Десе де, аукциондағы бастапқы баға 379 904 теңгеге тең болған. Нәтижесінде лот 1 586 954 теңгеге саудаланды.

Сауда басталмас бұрын сатып алушыларға тауарды алдын ала қарап шығу мүмкіндігі берілген. Баға қосылған құн салығынсыз көрсетілді. Бұл – келісімшарт рәсімделген кезде түпкі құнына 16% көлемінде қосылған құн салығы қосылады деген сөз.

2025 жылдың қарашасында бұл қылыш 542 719 теңгеге сатылды, бірақ жеңімпаз сатып алушы төлем жасамай, мәміле жарамсыз деп танылған еді. Ал 2026 жылдың ақпанында "самурай қылыш 3 413 825 теңгеге сатылды" делінді, бұл – бастапқы 461 312 теңгеден 7 еседен аса жоғары баға. Десе де, ол келісім де жүзеге аспады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу