Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

1102

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта финалда италиялық Ирма Тестамен шеберлік байқасты.

Азия чемпионы, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері К. Ибрагимованың қарсыласы да мықты еді. Ирма Теста – 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2019 жылғы Еуропа чемпионы. Екеуінің де жасы 26-да.

Бірінші раундта бес төреші түгелдей И. Теста басым деп тапты. Ақыры қазылар жеңісті италиялық боксшыға берді – 5:0.

Осылайша, Карина Ибрагимова өз спорттық жолында алғаш рет әлем біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта ертең финалдық кездесуін марокколық Марди Хадиджамен өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу