Кәріз құдығына құлап кеткен баланы құтқарған жасөспірім оқиғаны баяндап берді

609

Балаға көмекке жеткен жасөспірім Қызылордаға оқуға құжат тапсыру үшін келген.

Кәріз құдығына құлап кеткен баланы құтқарған жасөспірім оқиғаны баяндап берді

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарған жасөспірім оқиғаны баяндап берді, деп жазады inbusiness.kz "Сыр бойы" газетіне сілтеме жасап.

"Ол бала 2 жарым жаста анасының алдына түсіп зырғып бара жатты. Мен телефоннан әуен тыңдап келе жатқанмын. Кенет анасының жан даусы шықты. Қарасам екі аяғымен кәріз құдығына түсіп кетіпті. Бар ойым құтқару болды. Құдыққа түстім. Сол сәтте денелі бір аға жүгіріп келді. Ол бірінші баланы алды. Кейін мені шығарды. Балшық, сасық су екенін шыққан соң білдім", – деді Арман Аманжолов.

Арман 2007 жылы Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген. Оның екі апасы мен 2 ағасы бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, ал анасы Майра мектеп асханасында істейді. Жасөспірім М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне құжаттарын өткізген. Бүгінде қорытындысын күтіп жүрген көрінеді. Ол электрик мамандығын таңдапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу