Кәріз-тазарту құрылғыларын жаңғыртуға 403 млрд тартылады

539

Елімізде тозығы жетіп, жаңғыртуды қажет ететін 68 кәріз-тазарту құрылғысы бар. 

Кәріз-тазарту құрылғыларын жаңғыртуға 403 млрд тартылады

Үкімет мәселені халықаралық қаржы ұйымдарының есебінен шешуді көздеп отыр. Бұл мақсатта 403 млрд теңге тартуға ниетті. Қаржы 45 мыңнан астам халқы бар 26 ірі қалада құрылғыларды салу және реконструкциялау үшін қолданылады. 

"Ал тұрғындары 45 мыңнан аспайтын 36 шағын қаладағы мәселе республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен шешіледі", - деді  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

"Мемлекеттік кепілдікпен тартылатын халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаттары 15 жыл мерзімге беріледі. Қарыздарды қайтару екі көзден жоспарланған. Біріншісі тариф, екіншісі республикалық және жергілікті бюджет субсидиялары. Ресликалық бюджеттен бөлінетін субсидиялардың көлемі қарыз бойынша негізгі борыштың жалпы сомасынан аспайтын болады. Аталмыш тетік тарифтің кезең-кезеңімен өсуін қажет етеді", деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Министрдің айтуынша еліміздің 89 қаласының 27-сінде кәріз қондырғылары жоқ. 41 қалада тозу көрсеткіші 60%-дан асқан. Кәріздік тазарту ғимараттарын салу және реконструкциялау бойынша қазір 3 қалада жобалау жұмыстары басталды. Олар Сарыағаш, Атырау, Порт Шевченко қалалары. Келесі жылы Ақтау, Ленгер және Шымкент қалаларында 3 жобаны жүзеге асыруға қаражат қаралған. Қалған қалалар жоғарыда аталған екі тәсілмен  қаржыландырылып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу