Кәріз тазарту құрылыстарының дені 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған

265

Олардың орташа тозу деңгейі 65 пайыздан асады. 

Кәріз тазарту құрылыстарының дені 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір саланың басты проблемалық мәселелерінің бірі – қалалық кәріз тазарту құрылыстарының ескіруі болып отыр. Олардың басым бөлігі 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған және орташа тозу деңгейі 65 пайыздан асып, санитарлық жағдайға тікелей әсер етуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау және Ленгер қалаларында жаңа кәріз тазарту құрылыстары іске қосылды", – деді вице-министр.

Осы жылдың соңына дейін Атырау, Қызылорда, Қарқаралы және Қаражал қалаларында тағы 4 тазарту құрылыстары іске қосылады жоспарланып отыр.

"Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері, "Бәйтерек" холдингі арқылы облигациялық несиелер, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі және арнайы трансферттер сияқты әртүрлі қаржыландыру көздері арқылы тағы 45 қалада осындай жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде 7 жоба Еуропа даму және қайта құру және Азия даму банктерінің несиесі арқылы жүзеге асырылады", – деп атап өтті Қуандық Қажкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу