Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт толықтай сөндірілді

130

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт толықтай сөндірілді Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт толықтай сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

28 сәуір күні сағат 11:50 жағдайына сәйкес өрт толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар:

• ЭТРМ – 33 адам, 7 техника бірлігі (оның ішінде 1 тікұшақ Қазавиорманқорғау және 3 авиадесантты өрт сөндіру станциясы);
• ТЖД – 31 адам, 7 техника бірлігі;
• ЖАО – 25 адам, 5 техника бірлігі.

Қосымша күштер мен құралдар жіберілді:

• Қарағанды облысының ТЖД – 74 адам, 11 техника бірлігі;
• Семей, Өскемен және Қарағанды қалаларынан АО "Қазавиаспас" борты ұшып шықты;
• Екі әуе кемесі 6 рет су шашты.

Бұл іс-шаралар Қарқаралы қаласындағы МҰТП өрт сөндіру бекеті ұйымдастырған штабпен жүзеге асырылды.

"Өрттің таралуын болдырмауға бағытталған барлық жұмыстар аяқталды. Өрттің себебі мен аумағы қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 10 күн ішінде анықталады", - делінген комитет дерегінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу