Қарқаралы тауларында 5 турист жоғалып кетті

411

ТЖМ құтқарушылары Қарқаралы тауларында адасқан туристерді тапты.

Қарқаралы тауларында 5 турист жоғалып кетті Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында "Шахтер" демалыс аймағының маңындағы тауға серуендеуге шыққан бес туристі, оның ішінде үш баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Туристер "Шахтер" демалыс аймағынан солтүстікке қарай 15 шақырым жерде орналасқан Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы "Кендара" шатқалында болған.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, берілген координаттар мен байланыс ақпаратының арқасында демалушыларды қысқа уақытта тауып, оларды аман-есен "Шахтер" демалыс аймағына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ еске салады: орманға барарда өзіңізбен бірге қуаты толық телефонды, ауыз су мен азық-түлік қорын міндетті түрде алып жүріңіз. Жақындарыңызға баратын бағытыңыз туралы алдын ала хабарлап, қараңғы уақытта орманға шықпаған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу