Қарағанды облысындағы Қарқаралы тауларында адасып кеткен екі азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 2007 және 2008 жылы туған екі жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Олар Камсомол тауының шыңынан түсу кезінде адасып, өздігінен жол таба алмаған.
Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция және ұлттық парк қызметкерлері жұмылдырылды. Таулы аумақты барлау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды.
ТЖМ Жедел-құтқару жасағының мамандары азаматтарды Жиренсақал таулы аймағынан тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу