Қарқаралыда жылы аялдаманың әйнегін сындырған тұрғын қамауға алынды

342

31 жастағы ер адамның әйнектерді қасақана сындырғаны бейнебақылау камералары арқылы анықталды.  

Қарқаралыда жылы аялдаманың әйнегін сындырған тұрғын қамауға алынды Фото: polisia.kz/Видеодан скриншот

Қалалық әкімдіктен Жаңа Ақын көшесіндегі жылы аялдаманың бүлінгені туралы полицияға шағым түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде құқық бұзушылыққа қатысы бар азамат анықталып, полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция қоғамдық мүлікке қасақана зиян келтіру жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар бейнебақылау жүйелері арқылы бақылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу