Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторында тыйым салынған затты мекемеге кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мекемеге келген сәлемдемені рентген-телевизиялық құрылғы (РТУ) арқылы тексеру барысында сөмкенің ішіне жасырын тігілген 1 дана "Redmi" маркалы ұялы телефон анықталып, тәркіленді.
Аталған тыйым салынған затты 65 жастағы қала тұрғыны Т.А. есімді азаматша мекемеде қамауда отырған ұлына жасырын түрде жеткізбек болған.
Осыған байланысты оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.