Картоптың Голландиядан әкелінген сорты жақсы өнім берді

1627

Биыл Алматы облысы Райымбек ауданының шаруалары картоптың бұрын соңды болмаған өнімділігіне қол жеткізді. 

Картоптың Голландиядан әкелінген сорты жақсы өнім берді

Биыл Алматы облысы Райымбек ауданының шаруалары картоптың бұрын соңды болмаған өнімділігіне қол жеткізді. Мәселен, "Мирас" шаруа қожалығы әр гектарынан 500 центнерден өнім жинап, яғни 1 гектар алқаптан 50 тоннадан өнім алып отыр. Бұл - осы күнге дейінгі картоп өсіруге бейімделген ауданның тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданда картоп өсірумен айналысатын "Өркен", "Ринат", "Еркін", "Руслан", "Ақжол" шаруа қожалықтары да биыл мол өнім жинаудан үмітті. Голландиядан осы өңірге бейімделген картоптың 236 тонна супер элиталық екі сортының тұқымдары әкелінген болатын.

Осылайша аудан басшыларының алға қойған картоп өнімінің көлемін 10 есеге арттыру бойынша межелеген мақсаты орындалды. Әр гектардан орташа 30 тоннадан өнім жиналып, қоймаға 2360 тонна тұқымдық картоп салынады. Алдағы көктемде шаруалар 780 тонна картоп егуді межелеп отыр.

Ең бастысы голландиялық картоп тұқымының жерсінуіне қатысты шаруалардың күмәні сейіліп еңбектері ақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу