Қарттар үйіне гуманитарлық көмек жеткізілді

735

Оның ішінде маскалар, қолғаптар, антисептиктер, термометрлер, тонометрлер, ингаляторлар және басқа да жеке қорғану құралдары бар.

Қарттар үйіне гуманитарлық көмек жеткізілді

Елордада қарттар үйіне жеке қорғаныс жабдықтары түріндегі гуманитарлық көмек жеткізілді. Мекемедегілерге маскалар, антисептиктер мен қолғаптар таратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін "Добро-Соседство" акциясы аясында Қазақстан жастары Конгрессі мен Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "Шарапат" қарттар үйіне Ресейден гуманитарлық жүк жеткізі. Оның ішінде маскалар, қолғаптар, антисептиктер, термометрлер, тонометрлер, ингаляторлар және басқа да жеке қорғану құралдары бар.

"Бүгін "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен қарттар үйіне 15 мың маска, 400 антисептик және мың қолғап жеткізілді. Сонымен қатар, мекемедегілерге қажетті дәрі-дәрмектерді де әкелдік. Мұндай көмек жалғасатын болады. Бұған дейін біз гуманитарлық жүкті "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, "Үміт" Томотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешеніне, SOS балалар үйіне, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына таратқан болатынбыз", – дейді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу