Ақсуда қарт кісілерге қатыгездік танытқан пансионат қызметкері сотталды

194

Ақсудағы "Қамқор" әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсету жөніндегі резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шығарылды.   

Ақсуда қарт кісілерге қатыгездік танытқан пансионат қызметкері сотталды Фото: nk-tv.com

Сот отырысы Ақсу прокуратурасының бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген талдаудың қорытындысы болып табылады. Онда зорлық-зомбылықтың естен тандырғыш фактілері тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз көшеде қалдырып, қатты тоңу мен азап шегу қаупіне ұшыратқан.                        

Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу