Іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді. Бұл туралы ҰҚК хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операцияны жүзеге асырды, – делінген хабарламада.
Іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді.
Нәтижесінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.