"Қару" іс-шарасы аясында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

155

Заңсыз айналымнан 340 қару және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді.

"Қару" іс-шарасы аясында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Іс-шараның нәтижесінде: 

– заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;

– 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде 8-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, 6 қару бұрын жоғалған; 

– алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, 70 атыс қару тәркіленді; 

– тұрғындар 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. 

Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу