Қару қолданған шекарашыларға қатысты қылмыстық іс қозғады

1170

Қырғызстан Қазақстанның құқық  бұзушыларын ұстауда қару қолданған шекарашыларға қатысты қылмыстық іс қозғады.  

Қару қолданған шекарашыларға қатысты қылмыстық іс қозғады

Қырғызстан құқық қорғау органдары Қазақстанның  құқық бұзушыларына қарсы қару қолданған шекарашыларға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп мәлім етті елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары -шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.
"Қырғызстан тарапы қару қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қылмыстық іс аясында аталған әскери қызметкерлерге қатысты тергеу ісі жүргізіліп жатыр", - деді Д.Ділманов бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында. 

Сонымен қатар сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қайшыбаев Қазақстан СІМ оқиға болған күні қырғыз тарапына нота жібергенін айтты.
"Тап сол күні екі елдің министрлері телефон арқылы келіссөз жүргізді. Бейбіт өмір сүріп жатқан көршілес екі ал арасында қару қолдану  болмау керек екені айтылды", - деді ол.
23 қаңтар күні Қырғызстанның солтүстігіндегі Талас облысының Манас ауданындағы Жайылған елдімекенінде Қазақстанның үш азаматы мемлекеттік шекера арқылы табын жылқыны айдап өтпек болған. Сол кезде Қырғызстан шекарашылары оқ атып, осының нәтижесінде құқық бұзушылардың біреуі жарақаттанып, қайтыс болған. Ал қалғандары Қазақстан аумағында жасырынып қалған. Кейін олар анықталып, ұсталды.
Олардың екеуі мемлекеттік шекараны заңсыз  қасақана бұзғаны үшін сотталған.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу